Балабақшада – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Балабақшада» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3148
Бұл жерде достарменен танысамыз,
Әр түрлі ойын ойнап, жарысамыз.

Бұл жерде жақсылыққа үйренеміз,
Жамандықтан алыстап, жиренеміз.

Күн шығып, күн батқанша осындамыз,
Тәрбиеші апайдың қасындамыз.

Айналғанша үп-үлкен азаматқа,
Бізді баптап, өсірер балабақша!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері