Әйбат бала – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Әйбат бала» атты Ескен Елубаев жазған бала туралы өлең берілген.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1677
– Қандай жақсы бала едi,
Үстiнде жоқ кiр-сатпақ.
Айта қойшы, кəне, ендi
Бiздерге арнап бiр тақпақ, –
Деп қонақтар жиналып,
Ортаға алды Серiктi.
Қалталардан сый алып,
Шоколод та берiптi.
Қойыпты олар құр мақтап,
Жаттамапты бiр тақпақ.
Жаттатпаған бiр тақпақ,
Мамасы тұр қипақтап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері