Сазайын тартты

Бұл бетте «Сазайын тартты» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1665
– Бəрi қорқып, ықсын, – деп,
Сүзеген боп шықсын, – деп,
Шыққан жанды үйiне
Қайта қуып тықсын, – деп,

Қызыл қасқа торпағын
Жалықпастан үйреттi.
Тыныш жатса ол тағы:
– Сүзiсем, – деп сүйреттi.

Бермедi ғой тыныштық,
Серiк əбден басынды.
Жатпаған соң күйiс қып,
Торпақ қатты ашынды.

Серiк тұрды сөзiнде:
Сүзеген қып шығарды.
Қазiр оның өзiн де,
Үйге қуып тығады.

Сыртта жүрсе торпағы,
Шыға алмайды үйiнен.
Сүзе ме деп қорқады,
Тығылып ап күнiмен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сазайын тартты өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Сазайын тартты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сазайын тартты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сазайын тартты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері