Ұя

Бұл бетте «Ұя» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1531
Наурыз келдi, қыс кеттi,
Күн шуағын құяды.
Топ-тобымен құс кептi,
Жасау керек ұяны.
Қызу еңбек, не керек,
Жоқ тыныштық қыстайғы.
Жыл құстарын
Керемет
Сағынғанға ұқсайды.
Балалардың бiреуi –
Берiкбайдың Асаны.
Ол да асығып жүр едi,
Əсем үйшiк жасады.
Үйшiк бiреу – iлуде,
Жасағанын жасады.
Ағашқа оны iлуге:
– Қорқамын, – деп қашады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұя өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Ұя өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұя өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұя өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері