Мамыр

Бұл бетте «Мамыр» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1764
Бұл күнде нұрлы аспаны
Көрсең ғой көркем қаланы!
Туған ел тойын бастады,
Басталды мамыр парады!
Желбiреп тулар сан қилы,
Шалқыды көкке от өрiп.
Самсаған шарлар қалқиды,
Кетердей жердi көтерiп.
Көктемнiң күмiс жаңбыры
Тазалап кеткен көшеде,
Шырқалды бақыт əн-жыры,
Төгiлдi күйлер нешеме.
Көшенi кернеп барады,
Еңбек пен теңдiк, туыстық.
Қабылдап тұрды парадты:
Бейбiтшiлiк пен
Тыныштық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мамыр өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Мамыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мамыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мамыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері