Өлең, жыр, ақындар

Кім қорқақ, кім айбатты?

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2174
Шығып алып iнiнен,
Ұйқы бермес түнiмен,
Тышқан түнде жортады,
Ол мысықтан қорқады.
Ең күштi де қайратты,
Тарғыл мысық айбатты.
Күншуақтап жататын,
Тəттi ұйқыға бататын.
Мысық
Иттен тайсақтап,
Шеттеп жүрер жан сақтап.
Ең күштi де қайратты,
Қабаған ит айбатты.
Кемiрiп боп сүйегiн,
«Əуп», «əуп» етiп үредi.
Арлан ит те,
Қасқырдан
Айбынып-ақ жүредi.
Ең күштi де қайратты,
Көкжал қасқыр айбатты.
Қасқыр түнде қаңғиды,
Қой, қозыны аңдиды,
Азық iздер жапаннан,
Қасқыр қорқар папамнан.
Ең қайратты, бiлектi
Папам менiң жүректi.
Папама үй iшiнде,
Жөн-жосықсыз iсiне.
Мамам ұрсып тастайды,
Папам аузын ашпайды.
Ең жүректi, қайратты,
Мамам менiң айбатты.
Мамамды өзiм ақыры,
Санап тұр ем «батыр» деп.
Қоя бердi ол бақырып,
«Тышқан келе жатыр», – деп.
Қолындағы кесе де
Ұшып түстi быт-шыт боп.
Бiр-ақ қарғып төсекке
Шығып кеттi ыршып кеп.
Сонда батыр кiм десең,
Мен айтайын бiлмесең:
Батыр емес мамам да,
Батыр емес папам да.
Ең батыр да қайратты,
Тышқан екен айбатты!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бірінші қар

  • 0
  • 0

Керiлiп барып таң атты,
Ерiнiп барып таң атты.
Бiр-ақ түннiң iшiнде
Қар жауып қапты алапты.

Толық

Неге тар?

  • 0
  • 0

Киiп едi Өтеулi,
Былтыр тiккен жейдесiн.
Шолтиып жең, етегi,
Қысып тұрды кеудесiн.

Толық

Әкем және мен

  • 0
  • 0

Бiздiң үйдiң iшiнде
Хат танитын өзiммiн.
Хисса оқимын кешiнде,
Майын тауысып көзiмнiң.

Толық

Басқа да жазбалар