Екі қол
Бұл бетте «Екі қол» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ағайынды екеу екен:
Бiреуi оқымаған,
Бiреуi сауатты екен.
Сауатты елгезек те,
Көп iске жауапты екен.
Ататын асықты да,
Ұстайтын қасықты да,
Хаттарды жазатын да,
Есiктi ашатын да,
Өзi екен.
Сонда да ол бауырын
Жанындай ұнатады.
Дейдi: – Онсыз қалай ғана
Таң атып, күн батады.
Ағашты жара алам ба,
Шалғынды шаба алам ба,
Қайықты есер ме едiм,
Жалғыз ет кесер ме едiм?..
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі