Себеп

Бұл бетте «Себеп» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1417
Алдым бүгiн «екiлiк»,
Ойламап ем сұрар деп.
Қорықпаймын,
Жекiрiп,
Сонда да апам ұрар деп.
Жазатайым тағы да,
Жыртып алдым жейдемдi.
Апам бүгiн бағыма
Ештеңе де демейдi.
Клубқа да барамын,
Киноны да көремiн.
Əбден ойным қанады,
Сосын үйге келемiн.
Бүгiн еркiн жүремiн,
Сайрандаймын, күлемiн.
Бiздiң үйге,
Себебi,
Қонақ келген, бiлемiн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Себеп өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Себеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Себеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Себеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері