Нені ұқтым?
Бұл бетте «Нені ұқтым?» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Ертемен-ерте
Тұрдым-дағы,
Жақсылап беттi
Жудым-дағы,
Азаңғы асты
Iшiп алып,
Қолтыққа допты
Қысып алып,
Көшеге шығып,
Қарайладым.
Ойнайтын бала
Таба алмадым.
Асанға бардым
«Ойнайық» деп,
Ол айтты: «Қазiр
Қояйық», – деп,
«Атаммен бiрге
Шөп шабамын.
Кетуге содан
Жоқ амалым...»
Үсенге бардым,
Үй сыртына
Шақырып алдым
Ысқырдым да.
«Кез боп тұр, – дедi ол, –
Қырсық мына,
Үй iшi маған
Қыш құйдырмақ...»
Есенге барсам,
Шапқан олар
Қораға жатыр
Шөбiн жинап.
Сенделiп жүрмiн
Серiк болар,
Баланың бiр де
Жоғы қинап.
Үйiне барсам
Тұрсынқұлдың,
Əкесi менi
Ұрсып қуды:
«Көшеде құр бос
Сенделгенше,
Үйiңе болыс
Сен де елше!..»
Ойнайтын бала
Табылмаса,
Дедiм мен: «бекер
Сабылғанша,
Үйiме барып
Iс iстейiн.
Бiр жұмыс тауып
Кiрiсейiн...
Сол күнi менiң
Аңғарғаным;
Бiр өзiң, жеке
Көшенi кезген,
Жараспайды екен,
Таңғалғаным!..
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі