Ұшақ үстіндегі ой

Бұл бетте «Ұшақ үстіндегі ой» атты Мұхтар Шаханов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Шаңқай түсте,
Яки нұрлы ақ таңда,
Нән ұшақпен самғап бара жатқанда,
Көз салсаңыз төменге:
Біртегіс боп көрінеді жыралар,
Тереңінде жыланы бар ұралар,
Байқалмайды әжім-әжім қыраттар,
Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар.
Бұққан сансыз құпиялы ойларға,
Біртегіс боп көрінеді сайлар да.
Біртегіс боп көрінеді
Қыр мұрынды қырқалар ала бөтен,
Сәулет беріп жатқандай далаға кең.
Сөйтсем, мына қашықтық қанша сырды
Сырт көздерден бүркелеп қалады екен.
Мен де сенен көп мезгіл қашық жүріп,
Назарымды жан-жаққа шашып жүріп,
Байқамаппын жаныңның жыраларын,
Жылан бұққан зымыстан ұраларын.
О, тағдырым, Тірек бол тілегіме,
Сабырлы ойдың қашырма сұрқын тіптен,
Қас пен достың қажырлы жүрегіне
Тек жақыннан қарауға мүмкіндік бер!
Ал егер мен жақыннан қателессем,
Жақын келген бақытқа қуанбасам,
Жақын тұрған биікке шыға алмасам,
Жақын жүріп жауымды танымасам,
Жақын жүріп досымды ұға алмасам,
Өз қайғыммен өзімді жазалағын,
Онда менің өзіме - өз обалым!


Пікірлер (1)

жанель

оте керемет олендер

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшақ үстіндегі ой өлеңінің авторы кім?

Мұхтар Шаханов — осы өлеңнің авторы.

Ұшақ үстіндегі ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшақ үстіндегі ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұхтар Шаханов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұшақ үстіндегі ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар