Өлең, жыр, ақындар

Мейірімге шөлдеу

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2272
Нән тасбақа асығулы,
Құмға қарай ұмтылып.
Қайда бармақ,қасы нулы,
Тұрған жерден құлпырып?

Тағдырына тұр да, көніп...
Жан-жағына жалтаңдап.
Жұмыртқасын құмға көміп,
Кете барды талтаңдап.

Табиғатты дейік ұлы,
Тұр ғой солай жаралып.
Бітті осымен мейірімі,
Бітті парыз аналық.

Күндер өтті жүрісімен,
Отқа толып шарасы.
Шықты бір күн құм ішінен,
Тасбақаның баласы.

Білмейді әлі танып мүлде,
Өмірдің ақ-қарасын.
Шыға сала жарық күнге,
Іздеді ол анасын.

Жолықтырмай жан баласын,
Алға жылжып аттады.
Шыр айналып айналасын,
Шарлағанмен таппады.

Кіп-кішкентай...айдалада...
Тірлік еді,не деген!
Қайда кеткен қайран ана,
Құм-бесікке бөлеген?!

Тамшы жасы мөлтілдеген,
Түсі көзден сырғанап.
Жолаушыдай жол білмеген,
Төңірекке тұр қарап.

Қыла алады кімді тірек,
Кедергі көп көлденең.
Бара жатты мұңды жүрек,
Мейірімге шөлдеген...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

1782

  • 0
  • 0

Мұнарасын тұман қамаған мешіт,
Пəрəнжі киген қарындасымдай, меңді.
Бір кездердегі нəп-нəзік үміт
бүгін шыдам кейіпіне көшіп,

Толық

Түс. Ұмыту

  • 0
  • 0

Шеше,
қиранды үй ішінде
Көз жасың кері ағып,
Тоналып

Толық

Түн. Меланхолия

  • 0
  • 0

Терезенің маңдайынан жел өбіп,
Кәрі сағат қағады үнсіз таңдайын.
Көкке қарап көк-сұр ернім кеберіп,
Мен отырам жындысүрей жандайын.

Толық

Қарап көріңіз