Бұл бетте «Каспий. Қызыліңір» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұрынғы өмір.
Бұрынғы ауыл.
Бұрынғы ән...
Бұрынғы Күн, көкжиекке тығылған.
Жөргегінен аунап түсті жүрегім,
Уақыттың уысына ұрынған.
Толқып...
Тасып...
Симай сезім арнаға,
Маған бейне қарайтындай маңдана:
Секпіл құмы табанымнан сүйетін,
Селеу басы зікір салған сардала.
Көктем кешіп...
Көңіліме ем іздеп,
Ойсыздықтан болмақ едім желі үзбек.
Әлденені ұқтыра алмай жатқандай,
Көбікауыз, көпіреді теңіз кеп.
(Ұғынғанға, жартас болу- бұл бір бақ,
Аймалайды... теңіз салған мұңлы ырғақ)
Бала қайлар*- балақайлар секілді,
Балағыма оралады былдырлап...
Табиғаттың мынау тұмса қалпынан,
Уыз самал есіп тұрды аңқыған...
Өрекпіген көңілімнің өңіндей,
Каспий жатыр, қызыліңір шарпыған...
-------------------
* қай- толқын
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі