Түс. Ұмыту – Еділбек Дүйсенов

Бұл бетте «Түс. Ұмыту» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.04.2020
  • 0
  • 0
  • 965
Шеше,
қиранды үй ішінде
Көз жасың кері ағып,
Тоналып
ескі жиһаздар мен бағытын ұмытқан желге жүр екенсің деймін.

Алдыңнан ауру мысық шыға кеп,
Тұра кеп
мен сүймеген маңдайыңа жабыса кетіп, жібермейді екен деймін.

Есімде қалғаны...

Сынған терезе сыртында
Самайыңдағы көк тамырлардай
Найзағайдың жарқ еткені ғана.

Ішінен жабылған есік сыртында қалғаным ғана.
«Мен үшін келіп тұр» дегенің ғана.
Есімде қалғаны.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері