Қайталану
Бұл бетте «Қайталану» атты Еділбек Дүйсенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір-ақ түнде...
Барлық бақбақ біткеннің басындағы
үлпілдектер
өз еріктерімен ұшып кетті
Екі сағаттан соң
терезені ашқанымда
сүйреп әкетті
бөлме ішіндегі Вагнер әуенін
терезе алдынан өткен автобус
Ертесіне
естідім
ескіріп үлгерген жаңалықтардан
қорым басына барған тақуаны
жабайы кәрі жыланның шағып өлтіргенін.
Содан кейін сорасы аққан қорым жетім қалды.
Содан бері
құлағыма әлдекім сыбырлап кетеді
болар-болмас
"Сенің құлшылығың- ең үлкен екіжүзділігің"
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі