Шекербек – Серік Әкірамұлы

Бұл бетте «Шекербек» атты Серік Әкірамұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1710
Кіп-кішкентай Шекербек,
Кәмпитті көп сұрайды.
Дастарқанға жетектеп,
Тәтті бер деп жылайды.

Былдырлаған бал тілін,
Қызықтаймыз шекер деп.
Тәтті кәмпит әр түрін,
Тым көп жейді Шекербек.

Айтқанмен бар ақылды,
Сөзге құлақ аспады.
Шекербектің ақыры,
Тісі ауырып, қақсады.

Кәмпит сұрап келмеуде,
Ауырып тұр шамасы.
Тіс дәрігерге емдеуге,
Ертіп барды анасы.

Дәрігер де келгенде,
Ақ халатын тұр киіп.
– Кім тиісті дегенде,
– Кәмпит деді бұртиып.

(балаларға арналған тақпақ)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері