Бейнеу – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Бейнеу» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1936
Тоғыз жолдың торабы –
Тірелетін ат басы.
Бейнеу – достық орамы,
Бейнеу – достық қақпасы.

Түбектегі ұлттардың,
Саны елуден асады.
Бақыт балын жұтқан кім?
Еңбеккерлер жасағы.

Ұлы Достық аралы,
Бейнеу – жаңа бұтақ бір.
Қазылмаған кен әлі,
Жазылмаған кітап бұл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері