Қарттық – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Қарттық» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 594
Шақырса жұмбақ ғалам мұнарлана,
Аңсапты көкжиекті құмар бала.
"Арман тау" айналды енді төбешікке,
Қажеті азғантай-ақ шыдам ғана.
Ол жалғыз тыңдаушысыз, сыңар тағы,
Ой күйрек, иесіне мұң артады.
Тән жалқы, қайран өмір өте шығып,
Жетуге төбешікке құмартады.
Өмірде алмақ болған қамдап бәрін,
Маржанға орап та еді, сәндеп жарын.
Төбешік сезер ме екен — тірілерде,
Кіруге, бар есікке мандат барын?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері