Жұлдыз көп

Бұл бетте «Жұлдыз көп» атты Толқын Қабылша жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1311
Жұлдыз көп,
түн қойнында жымыңдаған.
Жымыңдап,сан тағдырдан сыр ұрлаған.
Мен — Күнмін,
Жүрегі- нұр, тәні — Шуақ.
Сөнбейтін сәуле берген ғұмыр маған.


Жанымнан жылу сезсең,
шырайланған.
Мен емес,
күн кейпім ол — ұнай қалған.
Түнменен қабыспайтын тағдырымның.
Еншісін ертең менен сұрайды Аллам.


Жарыққа бөлесін деп бұл ғаламды.
Жүректі тәңір өзі нұрға малды.
Түн кейпін жатырқайтын болмысыммен,
Күн кешем,
ынтызар боп жырға мәңгі.


Жан бір күн кететіні анық болып,
Ғалам тұр,
Бар сырыма қанық болып.
Күнге ұқсап,
сәуле шашып үлгерейін,
Ғұмыр кеш,
кеудемдегі жарық болып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыз көп өлеңінің авторы кім?

Толқын Қабылша — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыз көп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыз көп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Толқын Қабылша өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыз көп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері