Уағда

Бұл бетте «Уағда» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 539
Жанарда жасын боп сөнген,
Хұсни дидарың ғайып.
Қабірдей сұп-суық бөлмем,
Түн жылар шаштарын жайып.
Есігі ашылар кімнің,
Бұл жерде жоқсың ба әлде?
Желегі жыртылған жылдың,
Айналдық қуарған тәнге.
Терезе алдында тұрып,
Сары түске боялған шырағдан.
Үзілген тамшыдай тұнық,
Қайда сол айнымас уағдаң?
Елеске айналар бәрі,
Бұл көңіл елікпес әнге.
Тым ұзақ қаңтардың таңы,
Қалғимын естанды халде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уағда өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Уағда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уағда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уағда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері