Айғайшыл болғым келмейді тіпті – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Айғайшыл болғым келмейді тіпті» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1112
Айғайшыл болғым келмейді тіпті,
Мінбешіл,
Мінбеден бастап,
Миллетке тиер мың кесір,
Тұп-тұнық әлем,
Тұңғиық өлең,
Дүние-ай,
Өн бойың балқып,
Шерткенде үнсіз түнге сыр,
Ағынын ойдың,
Дірілін жанның сезініп,
Алыста бір жан,
Жырыңды оқып,
Алғысқа көмсе көл-көсір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері