Тәуелділік – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Тәуелділік» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1612
Тәуелсіз адам
Болмайды-ау тіпті...
Болған ба?!
Тәуелді қылып,
Жапсырып қойған
Біріне бірін жалғанда,
Тәуелді бәрі,
Туысқа, досқа, қоғамға,
Азамат ер де,
Азаттық таза алған ба?
Тәкаппар көңіл,
Тәуелділігін білсін бе?
Билейді заман,
Қарамай сүлей, дүрсің бе,
Өзгеге көнбей,
Өзеуреп өрлеп кетсең де,
Өзіңнен өзің
Тәуелсіз болу мүмкін бе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері