Өлең, жыр, ақындар

Ақ сиса

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Жарасар қамзол сұлу, белін қиса.
Шорманның Мұстапасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Жүрмейді кімдер жаяу, зорлық қылса
Жиылып орыс, қазақ қашқын дейді,
Көрермін ақыр бір күн туса.
Мен айтсам, параңды айттым, тілім ұзын,
Кигенім үстімдегі бәрі қызыл.
Жылансың екі басты ел жалмаған,
Қоймаймын, не қылсаңда, айтар сөзім.
Арыстан айға шапты, аяқ сынды,
Жемқорлар жолдас қылды қара түнді
Ел көз жасы тиеді тұқымыңа,
Әділ ұлық қуалар оңды- солды.
Он екі жыл айдадың Тобыл жаққа,
Ем болмас бастан бағың таяр шақта,
Дуанбасы мен өзім деме, Мұса,
Балаң кетсін тоз-тоз боп әр тарапқа.
Әй, Мұса, сен - бидайық, мен- бір торғай,
Жүрерміз, тірі болсақ, ойнай-ойнай.
Параны мұнан былай тоқтат, Мұса,
Нашардың жон терісін өзің соймай.
Құтқар деп жалынбаймын саған, Мұса,
Босатпайсың, әй, Мұса, қарның тоймай.
Берерім жоқ, еңбекпен күнді көрген,
Адаммын жалғыз жүрген, бедняк шорнай.
Жаныма батқандықтан ашынамын,
Мен неге жаяумын деп басыламын
Малым жоқ Шорман айдап алатұғын,
Қорлығын Мұстапаның паш кыламын.



Пікірлер (10)

Асем

алматы

зухра

қысқа жоқ па?

Сатжан Азамат

базар жок

Пакиза

Күшті

Оля

Қысқа болса жақсы болатын еді.

Жомарт

Күштіі супер

Ерасыл

Тамаша

Асылан

Жақсы

Лаура

«Ақ сиса» — Жаяу Мұса ақын. Бұл өлеңде ақын өзін және қоғамды айшықтайтын әйгілі мақамды халықтық стильмен жеткізеді; ол сөзі еркін, батылды, әрі халықтың әлеуметтік‑әділеттік мәселелеріне эмоциялық жауап береді.

Оқыған адамды терең ойға баулитын шынайы, батырлық рухтағы жыр. Ақын өзін «Жаяу Мұса» деп атап, азаттық пен әділдік үшін күрестің бейнесін ашады: қарапайым халықтың жанайқайы мен жүйеге қарсы тұруы — бәрі өте күшті, жүрекке тікелей тиеді.

Дико

«Ақ сиса» — батылдық пен әділдікке толы көз жасы шыққан шын жүректен жазылған жыр. Ол адам мен қоғам арасындағы күрес пен отаншылдық сезімнің күшін көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Қабір басында

  • 1
  • 1

Жатырмысың, ей, Сапар,
Топырақпен барабар.
Қара шымды жамылып,
Қалғаныңба, қайран жар!!

Толық

Әрине күн

  • 0
  • 0

Ақ тұйғын көлден қарсы-ай қаз іледі, а-ау,
Жиылып қыз-бозбала бір жүреді, а-ау, әрине күн.
Жігіттер осындайда-ай ойна да күл,
Ұлғайып, үйде отырар кез келеді, а-ау, әрине күн.

Толық

Сұрша қыз

  • 0
  • 1

Неше жыл жүрсем дағы мен айдауда,
Шыдаймын, қажымаймын денім сауда,
Дәм жазып осы жолдан аман қайтсам,
Сұрша қыз, көрісерміз Баянтауда.

Толық

Қарап көріңіз