Жүректің бас ұрғандай әміріне – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Жүректің бас ұрғандай әміріне» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 837
Жүректің бас ұрғандай әміріне,
Ғашықпын табынғандай тәңіріге.
Зуылдап бара жатыр өмір шіркін,
Тоқтамай дегеніңе «әне-міне».
Қойдың да мені өзіңе ғашық қылып,
Қол жетпес арманыма асықтырып.
Тағатсыз бір тірлікке душар еттің,
Көңілімнің күмбезіне басып кіріп.
Жүрген жан мен емеспін сағым қуып,
Адамдық қасиетіңе табындырып.
Жүректі ақылыңмен байлап-матап,
Барасың бірте-бірте бағындырып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері