Кісідей әбден шаршаған – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Кісідей әбден шаршаған» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 567
Кісідей әбден шаршаған,
Табылмай ойдың дерегі.
Жақындай беріп, мен саған
Қайтадан қашқым келеді.
Басқанда бір ой еңсені,
Үмітім дереу демеді.
Құшақтай беріп мен сені,
Тартынып қалғым келеді.
Осындай ғажап күй менде,
Шеше алмай қойдым жұмбағын.
...Денеңе денем тигенде,
Ұмытып кетем мұң барын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері