Кешір, жаным!

Бұл бетте «Кешір, жаным!» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.09.2021
  • 0
  • 0
  • 3183
Кешір, жаным!
Жүрдім сені кіналап,
Бұл өмірде баспас дейсің кім ағат?!
Бәрін-бәрін үнсіз ғана түсінген,
Менің жаным сендей жанға құмар-ақ.
Дерт тарай ма, сөйлемесе, демесе,
Бұлғақтаймын қайырлаған кемеше.
Білмейсің ғой, білмейсің ғой, білмейсің,
Менің кінәм сенікінен он есе!
Өзің жайлы күні-түні ойладым,
Іздемедім жанға – жара, бойға – мін.
Еске түсіп «қайдағы мен жайдағың»,
Менің сорым – соны біліп қойғаным.
Менің жаным жамандыққа сенбейді,
Жан жарасын өмір өзі емдейді.
Өзі сүйіп,
Өзі көнген жүрегім,
Енді ешкімнің табасына көнбейді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешір, жаным! өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Кешір, жаным! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешір, жаным! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешір, жаным! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері