Өлең, жыр, ақындар

Күні туған елім

  • 21.08.2018
  • 0
  • 1
  • 21006
Домбыра алып, ел кезіп,
Тұманды күнде мен безіп,
Кешегі жүрген шағымда:
Күннің батқан жағында, —
Секілді менің руым
Өмірдің көрген құйынын, —
Бар екені қандай жер,
Бар екені қандай ел
Сезілген күңгірт Жамбылға.
Күн туып нұр шашқанда:
Елім қолы аспанға
Соза жетіп, Октябрь
Таңы құмар басқанда:
Батыс, шығыс, оңтүстік
Құлақ түрді жыр тыңдап
Жамбылдайын даңғылға.
Таңы атқан менің елімнің,
Көмегімен ерімнің,
Күнбатыс жақ шектегі
Халықтық да көктемі
Шығып, көлкіп көлдері,
Ерік алды батыста
Украина елдері
Бақ орнатқан таңында,
Күннің нұрын көрді анық
Сталиндік заңында.
Шырқай шықты дауысым,
Жақын болды алысым,
Барсам Ұзын-ағаштай
Жолы жақын жалғауға,
Күннің нұрын Мәскеуден
Бірінші рет көрген ел,
Тақта отырған паңдарын
Тас-талқан ғып жеңген ел —
Өркендеген бағымен,
Қырандайын самғауда,
Жаңғыртып ойы, қырларын
Халқы сүйген ұлдарын
Депутатқа ұсынып,
Праволы сайлауға.
Ол теңдікті кім берді,
Кім берді өмір ұшпағын?
Десең, — бакқа туған ел,
Бақыт берген Сталин,
Оның аты ұлы ат,
Ол — бірінші депутат
Халықшыл ұлы сайлауда!
Тұманды күнсіз елдердің
Күні бүгін жайнауда;
Ұлы Сталин данышпан,
Ол — жанған нұр таңына,
Ол — туған ел бағына,
Ол — еңбектің тауына
Жеткізді елді; сол үшін —
Жамбыл дайын сайрауға.
Сталиндік заңымен.



Пікірлер (1)

Кәусар

Өте көп бірақ керемет екен бәрін оқып шықтым

Пікір қалдырыңыз

Кеңес жауынгерлеріне

  • 0
  • 0

Ызғарлы қыстың желінен,
Ауыздан шыққан лебіммен
Жырымды күйлі пернеден
Немерем, балам, шөберем

Толық

Испандық туысқандарға

  • 0
  • 0

Кең даласы қазақтың
Құлпырады гүл жайнап,
Өзбекстан бір елім
Гүлстандай — алма бақ.

Толық

Күн толғауы

  • 0
  • 0

Өлеңім, май күнінің толға жырын!
Қақ канат, қуаныштың ақтар сырын,
Жастығым шыққан күндей туды жаңа,
Құлпыртып көкке өрлеп жердің түрін.

Толық

Қарап көріңіз