Мыржыға – Жамбыл Жабаев

Бұл бетте «Мыржыға» атты Жамбыл Жабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2018
  • 0
  • 0
  • 4073
Балаң бойдақ жүр ме әлі ала қыстай!
Кетті ме әлде шарықтап бала құстай?
Қорадағы тауыққа көзін тіккен,
Төңіректеп жүр ме әлде, қара құстай?
Құс баласы қырымға, — деген сөз бар,
Сен ұқпасаң бұл сөзді өзге ұғар:
Өрісің тар өзің де жазған едің,
Саған тартса, ұзамай жүрген шығар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері