Селяви – Солай

Бұл бетте «Селяви – Солай» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1294
Өмірді ешкім,
Айтпайды сірә оңай деп,
Қайда да ылғи
Оңынан келер орай жоқ,
Селяви дейді
Қиналған сәтте француз,
Сабырға келер,
Даланың ұлы солай деп!
Селяви – солай,
Селяви – солай,
Осылай,
Өмірдің жолы
Сан тарау, сынақ, досым-ай,
Француз, қазақ,
Ұйқаса қалған қалайша,
Селяви – солай,
Өмірлік ұғым қосып- ай!
Е, өмір солай,
Дегені қазақ – селяви,
Даланың сөзі
Даналық тұнған, тола күй,
Селяви – солай,
Қонақжай болса бұл қазақ,
Дүние шіркін,
Адамдар үшін қонақ үй!
Керемет Париж,
Көңілде өлең, тола күй,
Эйфельді бойлап,
Тұрғандай билеп қала би,
Сіздермен, достар,
Бір ғана сәтте кездесіп,
Қоштасып жатсақ,
Солай ғой, өмір,
Селяви!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Селяви – Солай өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Селяви – Солай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Селяви – Солай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Селяви – Солай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері