Түнгі теңіз тынысы – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Түнгі теңіз тынысы» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 1
  • 2124
Қараңғы түнде Ақ теңіз,
Тыныштық таппай,тыныстап,
Күрсініп қойса тереңнен,
Керілсе, бойы құрыстап.
Тұңғиық қуат қозғалып,
Көк теңіз көкке талпынып,
Атады толқын, толғанып
Толған айға тартылып.
Қорғасын ырғақ дүрілдеп,
Жер мен көк түгел дірілдеп...
Теңіздің түнгі тынысын,
Еске алып жүрер күнім көп!


Пікірлер (1)

Myrza

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері