Досым–ай – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Досым–ай» атты Баянғали Әлімжанов жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2265
Есіңде ме досым – ау,
Бірге өткізген шат күнің,
Бірге ұмтылып арманға,
Бірге іздеген бақ гүлін!

Таңғажайып әлемде,
Таңғалумен ән салдық,
Арман жолын таңдаумен
Ақ таңдарды қарсы алдық!

Қайырмасы:
Қандай едік бір кезде,
Қайран менің досым-ай,
Баяғыдай өзіңе,
Менің көңіл хошым-ай,
Қол бұлғаймыз алыстан,
Басымыз бір қосылмай,
Амалың не, досым-ай,
Шіркін өмір осылай!

Өкінуге бола ма,
Өмір зулап өттің деп,
Өкпелейміз кейде біз,
Хабарласпай кеттің деп!

Сенің айтқан сырларың,
Жүректе тұр жаңғырып,
Өзгермейді шын көңіл,
Нағыз достық мәңгілік!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Досым–ай өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Досым–ай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Досым–ай өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Досым–ай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері