Өлең, жыр, ақындар

Кісі таңдап араласу – сән болды

  • 13.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2117
…Кісі таңдап араласу – сән болды,
Жоқтың жолы – кеседі деп бар қолды.
Ол қырттарға өкпе де артпай, наз да артпай,
Тамашалап жүріп келем тар жолды.

Сол тар жолда жүре берем көңіл кең,
Жүрегім де кем емес еш төріңнен.
Өкінбеймін дәл осылай жүріп- ақ,
Өз еншімді адал алсам өмірден.

Байшыкеш пен бишікешті жағалап,
Бірін алдап, бірін арбап, паналап.
Бір пендең жүр тиын санап, тіл безеп,
Ақынмен дос болған күнін қаралап.

…Кісі таңдап араласу – сән болды.
Сол арқылы найқалтам деп нән жолды.
Олар түбі жұмақты да саудалар,
Сол арқылы кеңіте алса тар көрді.

Өз басынан асыра алмай тілегін,
Ақша іздеп жүр… біреу ұстап жүрегін.
Ал мен болсам, сол ақшаның орнына
Ақыл сұрар адам іздеп жүремін.
Адам іздеп жүре, жүре…
Жүрермін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарындасқа

  • 0
  • 0

Ауылдан Алматыға кеше келген,
Ізетті қыз екенсің шеше көрген.
Еркіндіктің есігін ерте ашыпсың,
Сүрінеді екенсің неше жерден?

Толық

Ұғындырған ұлылықтың не екенін

  • 0
  • 0

Ұғындырған ұлылықтың не екенін.
Құлын шағым кісінесе қырлардан
Желпілдеген жел боп саған жетемін!
Құнан кезім күркіресе, күндей боп

Толық

Досым бар ма, бiлмеймiн, жауым бар ма?

  • 0
  • 0

Досым бар ма, бiлмеймiн, жауым бар ма?
Тамырымнан бүгiлем дауылдарда.
Бауырымды жегiзiп “ит пен құсқа”,
Ақыл айтсам, сосын кеп, бауырларға.

Толық

Қарап көріңіз