Енді маған бүршіктеу жоқ, бүрлеу жоқ – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Енді маған бүршіктеу жоқ, бүрлеу жоқ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1738
Енді маған бүршіктеу жоқ, бүрлеу жоқ,
Жанған шоқты жан-жағымнан үрлеу көп.
Әлем-жәлем Мәйшатхана тәрізді
Тастөбеме жұлдыздарын ілген көк.

Қалғып тұрған, мүлгіп тұрған Ай да анау
Қарап тұрсам, қара меңді Ләйлам-ау...
Қара меңге көз қандырар күн бар ма?
Әй, қайдам-ау,
Әй, қайдам-ау,
Қайдам-ау...

Қара меңге көз қандырар едім мен,
Бейіш бағы бермен түссе көгімнен.
Қара жерде қаңғып жүрген Қарғашым
Ләйлім жәйлі, қайғым жәйлі не білген?..

Арым менің арылар ма күнәдан?
Талқармауда тапсам етті бір амал?
...Қайғым менің Қарақаншық сияқты
Қара түнді қан қақсатып жылаған...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері