Өтіпті-ау – Бибіт Нұрмұхан

Бұл бетте «Өтіпті-ау» атты Бибіт Нұрмұхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сағынба дейсің,
сағынарлықтай кімсің сен?
Мен сені күткем,​
бірақ сен әсте келмеген.
Жолға мың қарап,
сұлбаңды жасап ойымнан,
Таңменен кешті,​
кешпенен таңды өткергем.
Білмегем неге?​
алдамшы сезім үмітін,
Сезбегем неге?​
сезімсіз жанның күдігін.
Сарыла күтіп,​
зарыға аңсап өтіпті-ау,
Алтынға бермес,​
естелік толы өмірім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері