Шежіре

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2055
(Міржақып пен Хақназарға)

Қан-шежіре
тамыр тартқан мәңгіге,
Біздегі қан –
сол ақпарат, сол мүдде.
Жеті атаның алғысы мен қарғысы –
ПЕШЕНЕМІЗ –
Тағдыр деген сол міне.

Ұрпағың мен ұлысыңды сүюің –
Осы екен ғой
адамдықтың түйіні.
Өзіңді ойлау –
өшкендігің өмірден,
Өзгені ойлау –
КІСІЛІКТІҢ биігі.

Қан-топырақ
құнарында тұғырым,
Тұғырымның тазалығы ұлы ұғым.
Өткен қазақ өміріме
САЛАУАТ,
Келмек қазақ –
менің жаңа ғұмырым.

Қан-шежіре
Тамыр тілі тереңді,
Содан алдым
дерегімді, денемді.
Қан деген ол –
Ұрпағың мен ұлтың ғой,
Ұрпағыңды орға жығып көр енді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шежіре өлеңінің авторы кім?

Ықылас Ожайұлы — осы өлеңнің авторы.

Шежіре өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шежіре өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ықылас Ожайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шежіре өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері