9 - Мамыр – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «9 - Мамыр» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2663
Көше бойлап,
көктеммен тыныстаған,
зағип кемпiр келедi
гүл ұстаған,
көзiндегi қап-қара әйнегiне
шағылысып қояды күмiс ғалам.

Жол үстiнде сүйiскен тоқтай қалып,
екi жасқа соқтықпай,
өттi айналып,
сапер сынды келедi алдын барлап,
таяқ етiп ұп-ұзын оқтауды алып.

Перiштелер ұшатын қараңғыға,
жан-тәнiмен көндiккен
адам мына,
қызғанышпен тiптi де қарамайды,
көрсеқызар келетiн жанарлыға.

өмiр сүрiп келедi ол көкiрекпен,
өкiл болып көрген жоқ
өкiметтен,
соғыстарға бергiсiз съездерде
бар халықты жағалай соқыр еткен.

Жарық жалған бермесiн
төрiн, мейлi,
жаны жасып,
тiрлiктен жерiнбейдi,
көңiлiнде соқырдың жанған сәуле,
көзi барға ешқашан көрiнбейдi.

- Көрсоқыр! - деп бiреудi қажап, сөгiп,
көзге шұқып жатады-ау,
мазақ көрiп,
адам түгiл
тағдырдың өзi дағы
басырлықтан жүргенде азап шегiп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

9 - Мамыр өлеңінің авторы кім?

Ұлықбек Есдәулетов — осы өлеңнің авторы.

9 - Мамыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

9 - Мамыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұлықбек Есдәулетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

9 - Мамыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері