Көктем емес пе еді?! – Маралтай Райымбекұлы

Бұл бетте «Көктем емес пе еді?!» атты Маралтай Райымбекұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2794
Көктем емес пе еді?!
Қазбауыр бұлттар жеткенде шығыстан кезбе,
Сезімнің құйып шарабын хрусталь сөзге,
Егіз бір жандай екеуіміз ұғысқан кезде.
Өткен елес пе еді!
Шекер екен нәрі —
Қиялға қанат сананың қақтырғаны да,
Беймезгіл басқа бейопа бақ тұрғаны да.
Күрсінем келіп, түпсізге лақтырғаның ба?
Бекер екен бәрі.
Іздерді жалған,
Қанменен шайып жүректен өшіріп мүлде,
Күйінсем-дағы қараймын кешіріп Күнге,
Гүлдерді өртеп кеткендей көшіріп күлге,—
Күз келді, қарғам!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері