Бұл бетте «Төменде қалдым ғой» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
“Әуелеп ұшқан алты қаз"
("Қыз Жібек" жыры)
Төменде қалдым ғой,
Биікке бағыт бақ болар ма екен?!
Ей, аласа арман, аптықпа!
Ақтық па?!
Е, оны бірде кірлетіп алғам,
Шомылып жүріп шаттыкқа.
Қонып кетіңдерші,
Алақанымда ақ тарым да жоқ,
Ақ арымменен жемдермін.
Сендер мың.
Алла ауылына алып ұшыңдаршы,
Нала-мұңымды... емдер кім! Өлең оқыңдаршы!
Баратынымыз бір жер ғой түбі.
Әйбәт әлемге әл тірейінші,
Сәл түрейінші етегіңді.
Құйып қой, құрбым, уыңнан,
У-шу қалада тәлтірейінші.
Кеуіп барамын.
— Сүт беріңдерші?
— Біздерде сүт мүлде болған емес!
— Ауа сатыңдаршы, кұлдығы-ем?
— Ауаның бәрі таусылып кеткен...
...Су тамызбайтын тірлігім.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі