Райы күннің бұзылды-ақ – Маралтай Райымбекұлы

Бұл бетте «Райы күннің бұзылды-ақ» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1886
Райы күннің бұзылды-ақ,
Құстарын ертіп күз кетті.
Қыл-қобыз дүние ызылдап,
О нені маған іздетті.
Қырлардан қашты қызыл гүл,
Қызыл гүл еді — көңілім.
Жылытпай қойды жүзін бір,
Өмірім маған, өмірім.
Ол — дағы кетті алыстап,
Бар еді бір жан — жаны нұр.
Анттасқан жокдыз нан ұстап,
Антқа өмір көнбес бәрібір.
Оралмас деп пе ең, о жалған,
Қоғалы көлге қу ұшып.
Өткен күн өшті, жоғалған,
Уайымдай берме у ішіп!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері