Қаңғыбас

Бұл бетте «Қаңғыбас» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2324
Алматыға келдім мен.
Сенделіп - жаз, қыста да,
Көшесіне мас күнімді бердім мен,
Тағдырымды — Құдай деген ұстаға.
Бауыр, Ана, Әке өлген —
Ақ ажалдың азығы.
Бірақ мені Алматыға әкелген,
Олар түтіл, пойыздың жоқ жазығы.
Жол жабылды. Алды-артым жар кілең,
Арманымды аялап па ем, сорыма?
Жетпей қалдым, Айды алам деп қарғып ем,
Қайта түстім көшелердің торына.
Талай-талай жақсы ақындар бар мұнда,
(нашары да аз емес!)
Алайда анау Абай шалдың алдында,
Е, бәрі де мәз емес.
Жоғы жақсы аға да бар... (Түкіргем),
Іші — жылан, сырты — абыз.
Түгі де жоқ бітірген,
"Оу, есіл еддің есін неге жыртасыз?!" —
Деймін кейде қапалы,
Әй, түйіні көп, иіні жоқ тірлік-ай!
Көз алдымда ағып бара жатады,
Таза кезім бұлдырай.
Ышқырына қолы жетпей қоғам тұр,
Ақындарын сүймейтін.
Кім не істейді оған дүр,
Надан өсті заманына күйлейтін.
Енді елге қайту өлім маған да,
Барар бағыт белгісіз.
Жан тапталды жапырақтай табанда,
Неғылдейсіз енді сіз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаңғыбас өлеңінің авторы кім?

Маралтай Райымбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Қаңғыбас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаңғыбас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Маралтай Райымбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаңғыбас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері