"Тоқтайын ба!" — дейді маған жүрегім
Бұл бетте «"Тоқтайын ба!" — дейді маған жүрегім» атты Маралтай Райымбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
"Тоқтайын ба!" — дейді маған жүрегім
(Ол тоқтаса, не боларын білемін...)
Сұлу қыздың дидарындай дүние-ау,
Не болады мен кеткен соң реңің?..
Сен тоқтарсың су құйғандай отқа, рас,
Сен тоқтарсың,
Өмір бірақ тоқтамас.
Сен бақытты о дүниеден іздейсің,
О дүниең бұ дүниеге — бақталас!
"Тоқтайын ба!" дейді маған несіне?!
Тоқтап қалған таулар түсті есіме.
Көшіп жатқан бүлттар түсті есіме,
Асау өзен ағып жатыр көсіле.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі