Меңiреу қырда тiл қатты маған

Бұл бетте «Меңiреу қырда тiл қатты маған» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1387
Меңiреу қырда тiл қатты маған
гүлдер де,
жел де кеше ептеп,
сыр ашты бiрде сырмақты далам,
төселдi дағы төсек боп.
Құрбымен барсақ,
гүлдерi бiздi
қарсы алды талай құлпырып,
сездi ме, қайдам,
жүргенiмiздi
бiр-бiрiмiзге ынтығып.
Сәскеде сағым қуалап кейде,
тарқамас едi құштарым,
бұлдырық дей ме,
дуадақ дей ме…
Көп көрдiм қырдың құстарын.
Сап түзеп үйлер далада бүгiн,
ол маңай мүлдем өзгерген.
Сағынып,
аңсап барам әлi күн
жолым бiр түскен кездерде.
Қараймын сұқсыр жолыққанда да
көргендей алғаш мұны мен…
…Қорғалжыңдағы қорықтар ғана
шулайды құстың үнiмен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Меңiреу қырда тiл қатты маған өлеңінің авторы кім?

Байбота Қошым-Ноғай — осы өлеңнің авторы.

Меңiреу қырда тiл қатты маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Меңiреу қырда тiл қатты маған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Байбота Қошым-Ноғай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Меңiреу қырда тiл қатты маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері