Өткен күнiм

Бұл бетте «Өткен күнiм» атты Байбота Қошым-Ноғай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1316
Өткен күнiм,
көктемгi мұң
ертегiм едi:
сенiң демiң,
ерiндерiң
өртедi менi.
Жоқ бiр кiрбiң,
пәк күлкiңнiң
сыңғыры дағы
сүйкiмiмен,
сиқырымен
жынды қылады.
Үнiңе мен
күнiменен
бiр қанбаушы едiм.
Кейде өкпелеп,
сөйлеп кенет,
бұртаңдаушы едiң.
Өмiр – кежiр.
Көңiлге жыр
салды мұң қанша!
Кеш, қарағым,
еске аламын
барлығын да аңсап…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өткен күнiм өлеңінің авторы кім?

Байбота Қошым-Ноғай — осы өлеңнің авторы.

Өткен күнiм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өткен күнiм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Байбота Қошым-Ноғай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өткен күнiм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері