Парыз маған – Серік Қалиев

Бұл бетте «Парыз маған» атты Серік Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.07.2020
  • 0
  • 0
  • 5515
Дінтанушы ғалым да, молда емеспін.
Дүниені тәрк еткен жолда емеспін.
Сүннетін Пайғамбардың сүйем бірақ,
Құраннан құр қап жүрген сорлы емеспін.

Сәждеге тигенменен маңдайым дөп,
Біреуге пәтуә айтар жағдайым жоқ.
Бірлігін мұсылманның көру үшін,
Жүремін мешіт жаққа әрдайым кеп.

Иманның дәмін татып дәніккесін,
Түсіндім Алла екенін анық досым.
Үйрендім Ол жіберген шариғаттың,
Әр адам білуі шарт әліппесін.

Өбектеп өзі өсірген абыз-далам,
Төле би, Бұхар, Абай нағыз бабам!
Солардан бізге жеткен сара жолды,
Ұрпаққа ұғындыру – парыз маған!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері