Жақсымен де араластым – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Жақсымен де араластым» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1154
Жақсымен де араластым,
Жаманмен де жағаластым.
Алға ұмтылсам құлшынып кіл,
Қызыл-жасыл тіршіліктің
Қызығына шала маспын.

Жақсылармен бірге болып,
Жамандардан ірге бөліп,
Елім деген ерлерім де
Көл қорыған қызғыш құстай
Туған жерін жүр ме қорып?!

Ішіп жүрген арам асын,
Күйттегендер қара басын,
Жеткен жерін шамаласын,
Сыртына айбат көрсеткенше,
Іштің дертін тазаласын.

Оң жағымда – ниетім берік,
Сол жағымда – етім өліп,
Күншығысқа бетін беріп,
Қайран, уақыт!
Ауытқиды
Сағат тілі секілденіп…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсымен де араластым өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Жақсымен де араластым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақсымен де араластым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Шаяхмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсымен де араластым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері