Абыржыма, аптықпа, сабыр сақта, ей, досым

Бұл бетте «Абыржыма, аптықпа, сабыр сақта, ей, досым» атты Ақылбек Шаяхмет жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2120
Абыржыма, аптықпа, сабыр сақта, ей, досым,
Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін!
Жемісі көп ағаштың бұтақтары иілсе,
Дақылы жоқ масақтар кереді екен кеудесін.

Көрген кісі бетіңді түсіне ме ниетіңді,
Жерде отырған кемеңгер көптің бірі секілді.
Ойы шала болса да, данамын деп күпінген,
Төрде отырған маубастың сөзі болар өтімді.

Мақтанғанда жусаннан биікпін деп бетеге,
Айтқан сөзің, тегінде, құлақт арға жете ме?!
Жүрсе-дағы секеңдеп, сақалы бар екен деп,
Жүні қалың қой біткен бас шұлғиды текеге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абыржыма, аптықпа, сабыр сақта, ей, досым өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Шаяхмет — осы өлеңнің авторы.

Абыржыма, аптықпа, сабыр сақта, ей, досым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абыржыма, аптықпа, сабыр сақта, ей, досым өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Абыржыма, аптықпа, сабыр сақта, ей, досым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар