Ағаларың жүрген болса алдыңда – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Ағаларың жүрген болса алдыңда» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1931
Ағаларың жүрген болса алдыңда,
Ізімен жүр, көп тағылым бар мұнда.

Інілерің келе жатса артыңда,
Сүйеуің бар, алға жүрсең, тартынба!

Құрдастарың тұрған болса қатарда,
Мойымайсың шыққан кезде сапарға.

Бұршақ-сынды ұрып жылдар түйдегі,
Соңғы кезде қатарымыз сиреді.

Қарт азайса – емес өмір мәңгілік,
Жас молайса – мұның өзі заңдылық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері