Ұқсамаймын неге мен басқаларға – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Ұқсамаймын неге мен басқаларға» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2162
Ұқсамаймын неге мен басқаларға,
Басқаларға ұқсауға жасқанам ба.
Тосқауыл боп жолымда тосып тұрған
Тау ма, су ма, орман ба, тас па, жар ма?!

Өліп-өшіп жанады білте неге?
Жарығы жоқ шыққандай күн төбеге.
Бірдей болып сырт көзге көрінсе де,
Ұқсамайды бір төбе бір төбеге.

Кірген сөз де әртүрлі бұл құлақтан,
Ішкен су да әртүрлі мың бұлақтан.
Бірдей болып сылдыры естілсе де,
Ұқсамайды жылға да жылжып аққан.

Ұқсаса да түр-түсім өзгелерге,
Ар-ұяттан күні үшін безген елге
Ұқсамайтын ойымды айтсам деймін,
Тамағыма лықсып сөз келгенде.

Биіктерге теңесер өре қайда?
«Болам десең – ұқсап бақ» деген ойда.
Ұқсаң болды сезімді жүректегі,
Ұқсамасам ешкімге, кінә қойма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері