«Сүйем!» деген асыл сөзді мың айтып, – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте ««Сүйем!» деген асыл сөзді мың айтып,» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1787
«Сүйем!» деген асыл сөзді мың айтып,
Сүйгеніңді алып жүрме мұңайтып.
Кейбір сәтте керек емес сөзің де,
Сезіміңді қас-қабағың тұр айтып.

Талай-талай жақсылықты көз көрді,
Жаттап жүрдік тәтті, әдемі сөздерді.
Кейбір сөздің көп айтылған, алайда,
Жылдар өте мағынасы өзгерді.

Бұтақтағы жапырақтар дір еткен,
Долы желдің сесін көрген кіл өктем.
Қатты айтсаң да, айтсаң да сәл жұмсартып,
Ең жақсы сөз – шыққан сөзің жүректен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері