Қырда, ойда ойын-сауық, ас та көп –
Ақылбек Шаяхмет
Бұл бетте «Қырда, ойда ойын-сауық, ас та көп» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қырда, ойда ойын-сауық, ас та көп,
Жиын-тойда шұрқырасар дос та көп.
Тәнің тозып, бірақ, жүйке жұқарса,
Ойлай берсең, уайымың шаштан көп.
Қырау-сынды самайың да ағарса,
Шашың түсіп, қалсаң керек қасқа боп.
Ойын ойнап жүргеніңмен, гол салмай,
Қуып жүрген адамдайсың босқа доп.
Әліңді біл, әлімжеттік жасама,
Толған ыдыс шарасынан аспа көп.
Шамырқанба, адал досқа шамданба,
Басу айтса аспа және таспа деп.
Алыс жерден арнайы іздеп барғанда,
Қалмасын да елжіреген дос жүдеп.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі