Жүз сом

Бұл бетте «Жүз сом» атты Абзал Бөкен жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1902
Жүз сом емес,
Жүз жолдасың болсын, – деп
үгіт айтқан коммунистік сол «сүннет».
Әл жимадық әндемді боп әмиян,
Мал жимадық қорамызға толсын, – деп.

Бүгінгідей баю қайда ұрлап ап,
Сақилықпен күндер өткен сырғанап.
Айлығымыз – азық еді,
Ал, енді
Байлығымыз – киім еді бір қабат.

Бөлінбеген ұсақ пенен іріге
Сол бір заман естен кетпес тіріде.
Анау озды, мынау тозды, – дейтіндей
Бәсекенің болмайтұғын бірі де.

«Сабыр түбі – сары алтынды» санаға ап,
Салқам болды шеттерінен жаны абат.
Бауыр еді бір-біріне бейтаныс,
Қауым еді қаузағаны – қанағат.

Байлық емес,
Бағаланған кісілік,
Қайда қалды сол бір сәби түсінік?
Адал болдық, аңғал болдық.
Білмедік
аңғалды аттан кететінін түсіріп.

Нарық келді…
Мәз қымызға, мәз аққа,
Халқым қалды қаржы деген азапқа.
Жүз дос емес,
Жүз сомның да керегін
жүз жылда ұққан
Не дерсің бұл қазаққа?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүз сом өлеңінің авторы кім?

Абзал Бөкен — осы өлеңнің авторы.

Жүз сом өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүз сом өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жүз сом өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері